
2020 жылғы 23 тамызда Алматы облысы ТЖД-ға Талдықорған қаласында тұратын 2010 жылы туылған кішкентай бала өз үйінің ауласында ойнап жүріп, саусағын құбырға тығып, оны шығара алмай қалғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Алматы облысының ТЖД құтқарушылары тез арада аталған мекен-жайға шықты. Шақырту орнына келген құтқарушылар слесарлық құрал-саймандардың көмегімен құбырдың бір бөлігін бөлшектеп, баланың саусағын босатты. Балаға медициналық көмек қажет болған жоқ. Оқиға салдарынан бала зардап шеккен жоқ.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ата-аналардың естеріне салады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі