Алматы облысында аэровизуалды тексеру жүргізілді

Алматы облысында аэровизуалды тексеру жүргізілді

Алматы облысының ТЖД мүдделі органдармен бірлесіп облыстың көшкін және су тасқыны қаупі бар учаскелеріне аэровизуалды тексеру жүргізді.

Қысқы және көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Іле-Алатау жотасының көшкін қаупі бар учаскелерінің және Балқаш ауданының су тасқыны қаупі бар аймақтарының жай-күйін бағалау үшін ТЖД мамандары "Қазселденқорғау" ММ, "БАБИ" РММ және аудан әкімінің қатысуымен "Қазавиақұтқару" Ми-8 тікұшағында аэровизуалды тексеру жүргізді.

 Зерттеу қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға ұсынымдар дайындалды, олардың шешімі Алматы облысының аумағында су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі