
«2024-2025 жылыту маусымын өту» және «Қауіпсіз Жаңа жыл» тақырыптарында брифинг өткізілді, сонымен қатар осы тақырыптарда теледидардан көрсетілім ұйымдастырылды.
Брифингте пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға және электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзуға байланысты өрт жағдайларының мысалдары келтірілген. Күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері жеткізілді. Шара соңында Департамент өкілі журналистердің сұрақтарына жауап беріп, жылыту маусымы мен жаңа жылдық мерекелер кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін тағы бір рет еске салды.
«Жетісу» телеарнасындағы «Ойсарап» бағдарламасында осы мәселелер ашылып, үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нақты ұсыныстар берілді. Сондай-ақ облыс аумағында Өрт қауіпсіздігі айлығы», «Қауіпсіз жаңа жыл» іс-шаралары өтіп жатыр, департамент қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган, жергілікті полиция қызметкерлері, еріктілер, қоғамдық ұйымдарының қатысуымен ауқымды профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі