«МҰЗ-2024» акциясы аясында жазатайым оқиғалардың алдын алу және балықшылар арасында мұзда жүріс-тұрыс ережелері туралы хабардарлық деңгейін арттыру мақсатында Алматы облысы ТЖ департаменті мүдделі қызметтермен бірлесіп күн сайын күндізгі және түнгі патрульдер өткізеді.
Тек өткен тәулікте түнгі патрульдеу барысында 6 адам анықталып,
ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 77 мың 532 теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жағаға шығарылды.
Алматы облысының ТЖД қысқы балық аулау әуесқойларын қауіпсіздік ережелерін бұзбауға және түнгі уақытта мұзға шықпауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі