Парызға адалдық, жүректегі батылдық - өмір бойы үлгі

Парызға адалдық, жүректегі батылдық - өмір бойы үлгі

Алматы облысының ТЖД-да адамдарды құтқару ісіне өлшеусіз үлес қосқан гарнизонның екі қызметкерін зейнеткерлік демалысына салтанатты шығарып салу өтті.

Олардың ішінде өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Владимир Александрович Зобов және өрт сөндіру қызметінің Кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Дәулет Барлыбекұлы Кемелбаев бар.

Азаматтық қорғау органдарында жұмыс істеген жылдары көрсеткен жанқиярлық пен батылдық ерліктің ерең үлгісі болып табылады. Олар өз ісінің нағыз мамандары ретінде көптеген жаңадан қабылданған қызметкерлердің тәлімгерлері болды және құтқарушылардың бірнеше буынын тәрбиеледі.
Сондай-ақ, әріптестер қызметтің Қаржы және мемлекеттік сатып алу қызметінің басшысы Әсел Болатқызы Болатты басқа жұмыс орынына ауысуына байланысты шығарып салды.

Департамент бастығының міндетін атқарушы Данияр Болатбекович Касымов әріптестеріне лайықты қызмет еткен жылдары және гарнизонның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін зор алғысын білдірді.

Құрмет пен алғыс белгісі ретінде оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Алматы облысы ТЖД