Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимылдар

Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимылдар

Ағымдағы жылдың 17 - 23  желтоқсан аралығында Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің психологиялық қызмет тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры Г.Искакова мен кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны А.Хузмет  аумақтық бөлімше жеке құрамы арасында«Тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимылдар» тақырыбында семинар дәріс өткізді.

Іс-шараның мақсаты әйелдер, жасөспірімдер, балаларға қатысты зорлық –зомбылықтың алдын-алу.

Іс-шара барысында басты назарзорлық-зомбылық гендерлік дискриминацияның түрі ретінде, ең алдымен, ерлер мен әйелдер арасындағытеңсіздікке негізделгендігіне аударылды. Зорлықтың нұсқалары көп, физикалық, жыныстық, психологиялық және эмоциялық, әйелдердің  денсаулығы мен өміріне қауіпті дәстүрлер мен мәдени тәжірибелер, жезөкшелік пен адам саудасы туралы түсіндірме жұмыстары өтті. Жеке құрамға кеңінен түсінікті болсын деген ұстаныммен соңғы жылдары орын алған зорлық зомбылықтың статистикалық көрсеткіші бойынша ақпарат берілді. Сондай-ақзорлық зомбылықтың салдарынан адам өмірінде қандай психологиялық өзгеріс орын алатыны туралы видео материалдар көрсетілді.

Семинар соңында дәріс қорытындысы шығарылып, оның барысында отбасындағы қақтығыстар көбінесе әйелдер мен балалардың зорлық-зомбылығына әкелетіні белгілі болды.. Қызметкерлер зорлық-зомбыллыққа немқұрайлы қарамауға, орын алып жатқан жайттарда үн-түнсіз қалмауға,зорлық-зомбылықтан аман қалғандарды сөкпеуге, сондай-ақ әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге шақырылды.