
Қысқы кезеңде су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Алматы облысының ТЖ департаменті мүдделі қызметтермен бірлесіп күнделікті түнгі патрульдер өткізеді.
Өткен тәуліктің өзінде ғана түнгі патрульдеу барысында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзған 6 адам анықталды. Түнгі балық аулау әуесқойлары ҚР ӘҚБтК-нің 412 бабы бойынша 77532 теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олармен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Содан кейін олар жұқа мұзбен жабылған су айдынынан шығып, үйге аман-есен кетті.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі