Алматы облысында "Муз-2024"акциясы жалғасуда

Алматы облысында "Муз-2024"акциясы жалғасуда

"Муз2024" акциясы аясында қысқы кезеңде су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Алматы облысының ТЖ Департаменті балықшылар мен демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар кешенін өткізуде

Күн сайын оның ішінде түнгі уақытта барлық мүдделі облыстық қызметтер мен волонтерлік ұйымдардың жеке құрамын тарта отырып, облыс су айдындарында рейдтік іс-шаралар өткізіледі Демалыс және мереке күндері рейдтік іс-шаралар күшейтілген режимде өткізіледі

Бүгінгі күні рейдтік іс-шаралар барысында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылардың 8-і анықталды, атап айтқанда, жүзу құралында балық аулау кезінде жекеқұтқару құралдарынсыз сондай-ақ басқаруға құқық беретін тиісті құжаттарсыз болған азаматтар Аталған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес жалпы сомасы 103 мың 376 теңгеге 8 әкімшілік хаттама сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы бойынша 36 мың 920 теңгеге 2 хаттама жасалды

Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша осы балықшылармен балық аулау кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және осы Ережелерді бұдан әрі қатаң сақтау туралы әңгімелер жүргізілді

Сонымен қатар аталған рейдтік іс-шаралар облыстың барлық аумағында өткізілетін болады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі