Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласындағы өрт фактісі бойынша ақпарат

Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласындағы өрт фактісі бойынша ақпарат

2020 жылғы 20 тамызда сағат 17:45-те Алматы облысы ТЖД-ға Қаскелен қаласы Қаскелен батыр көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу сағат 17: 46-да жоғары дәрежелі шақыру бойынша күштер мен құралдар жіберілді. Шақырту орнына келген соң сағат 17:55-те жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша 40 пәтерлі, 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатында ауданы 48 ш.м. бір бөлмелі пәтерде өрт шыққаны анықталды. Жиһаз, үй заттары жанып кетті.

Өрт сағат 18:27-де өрт сөндірушілермен оқшауланып, сағат 18:32-де сөндірілді.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері 20 адамды эвакуациялады, 4 адам құтқарылды (1970 жылы туған пәтер иесі және оның үш көршісі - 1991 жылы туған әкесі, 1996 жылы туған анасы және 2020 жылы туған ұлы). 50 адам өздері эвакуацияланды. Адамдарды өрттен құтқару кезінде №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Н. Байтереков және осы бөлімнің өрт сөндірушісі, қатардағы азаматтық қорғау жауынгері Е. Нүсіпбеков ерекше көзге түсті.

Пәтер иесі бірден Қаскелен қаласының ОАА-на, жану өнімдерімен улану белгілерімен жан сақтау бөлімшесіне жеткізілді, өкінішке орай, есіне келместен сол жерде қайтыс болды. Өрттің шығу себебі анықталуда, оқиға орынында өрт сөндіру зертханасы жұмыс істеуде.

Алматы облысы ТЖД азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

- ақаулы тұрмыстық электр құралдарын, ескірген немесе ақаулы электр сымдарын, қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз;

- электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу;

- отпен жұмыс істеу кезінде, әсіресе мас күйінде ұқыпсыздық танытпау;

- төсекте жатып темекі шекпеу, темекі тұқылын шашпау;

- тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

 

                   

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі