Алматы облысының аумағында астық жинау науқанының басталуына байланысты дәнді дақылдарды жинау барынша қарқынды жүріп жатыр. Бұл науқанның жауапкершілігін ескере отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бірінші орында тұруы қажет.
Астық жинауға көптеген адам және техника саны жұмылдырылады, бұл астық алқаптарында және астықты жинау орындарында өрттің пайда болуының жоғары қауіптілігін тудыратыны сөзсіз.
Астықты жинау және дайындау кезінде өрттердің алдын алу үшін, Алматы облысының ТЖД келесі өрт қауіпсіздігі шараларын өткізуді естеріңізге салады:
- ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары басшыларына өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаларды тағайындап, механизаторлармен өрт қауіпсіздігі нұсқаулықтарын өткізіп, және қоймашылармен астық жинау науқаны кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларына бақылауды ұйымдастыру;
- астық жинайтын машиналар және тракторлардың егін алқаптарына және шабындыққа шығуының алдында оларды дұрыс ұшқын басқышпен, өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау;
- астықтың пісіп жетілуі және жинау кезеңінде алқаптарды күзету үшін барлаушы және егін қорықшысын белгілеу;
- астық алқаптары орман алқаптарына, дала белдеуіне, жүк көлігі жүретін және темір жолдарға жақын орналасқан жерлерде шабылып, жолақпен жыртылуы тиіс (ені 4 метрден кем емес).
- егін жинау кезінде өсімдік сабақтарын жағуға тыйым салынады, егіс қалдықтарын жинау және өрістерде от жағу.
Масақты дақылдарды жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау кезінде астық алқаптарында өрттің пайда болу мүмкіндігін толығымен болдырмауға болады.
Нан - бұл біздің республиканың байлығы, сондықтан біз байлығымызды сақтаумыз және көбейтуіміз қажет.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі