ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ!

ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ!

Бұйымды пайдалану нұскаулығын ерінбей мұқият оқыңыз. Есіңізде болсын, өзіңізге таныс және қарапайым пиротехникалық бұйымның өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін; Фитильді кол созым ара қашықтықта тұтандыру кажет; Көрермендер нақты пиротехникалық бұйымды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген қауіпті аймақтан кемінде 20 метр қашықтықта орналасуы қажет.

ҚАТАҢ ТЫЙЬІМ САЛЫНАДЫ:

Тұтандырылған пиротехникалық бұйымдарды қолда ұстауға;

Тұтанған және жанып болган, сонымен катар тұтанбай қалган жағдайда пиротехникалық бұйымдарды қарау үшін еңкеюге;

Пиротехникалық бұйымдарды бөлме ішінде пайдалануға;

Пиротехникалық бұйымдарды кауіпті аумақ радиусынан кем емес қашықтықта ғимараттардың, имараттардың, ағаштардың, электр беру желілерінің касында пайдалануға;

Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде адамдар тұрған жаққа және олар келіп қалуы мүмкін аймаққа карай бағыттауға;

Бұндай бұйымдарды қолдан сатып алуға, олардың қаптамалары зақымдалған және сақтау мерзімі өтіп кеткен болса.

ПЕТАРДАЛАРМЕН ШАРТЫЛДАҚТАР -БАЛАЛАР ОЙНАУҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАР ЕМЕС

ӨЗІҢІЗ ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ ЖӘНЕ ДОСТАРЫҢЫЗҒА АЙТЫП ЖҮРІҢІЗ!

ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗ!

ҚАУІПСІЗ МЕРЕКЕ ТІЛЕЙМІЗ!

ӨРТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА «101», «112» ТЕЛЕФОНЫНА

ХАБАРЛАСЫҢЫЗ.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі