«Қора» шатқалындағы оқу-жаттығу ұшулары

«Қора» шатқалындағы оқу-жаттығу ұшулары

Үстіміздегі жылдың 20 тамызында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері "Қазавиақұтқару" АҚ қызметкерлерімен бірлесіп "Қазавиақұтқару" АҚ ЕС-145 (Еврокоптер) тікұшағымен "Қора" шатқалында "Тронова және Бесонов"мұздығына жаттығу ұшуларын жүргізді.

Жаттығу барысында 3 мың 200 метрге дейін асатын биіктіктен тау мен мұздықтың баурайында зардап шегушілермен бірге құтқарушылардың бортына түсіру және отырғызу пысықталды.

Жаттығу ұшулары құтқарушылардың кәсіби деңгейін ұстап тұру және "Қазавиақұтқару" АҚ ұшу экипаждарымен өзара іс - қимылды ұйымдастыру мақсатында оқу-жаттығу ұшуларының жоспарына сәйкес өтеді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі