Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның 2024 жылғы 11 желтоқсанда Алматы облысы әкімінің орынбасары Н.К. Кудайбергеновтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырыста бес мәселе қаралды:
- Облыс аумағында 2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың қорытындылары туралы.
- Облыс аумағындағы 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңнің қорытындылары.
- Аудандық және облыстық деңгейлердегі құлақтандыру жүйесін басқару және аймақтарында орналасқан елді мекендердегі жергілікті құлақтандыру жүйелерін құру туралы.
- Гидротехникалық құрылыстардың су тасқыны кезеңіне дайындығы және «2021-2023 ж.ж. су тасқынына қарсы іс-шаралар» Жол картасының орындалуы туралы.
- Қар көшкінінің қауіпті кезеңіне дайындығы және өтуі туралы.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі