
Алматы облысының гарнизонында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» халықаралық науқаны аясында дөңгелек үстел өткізілді
Департаменттің психологиялық қызмет тобымен бірлесе отырып Әйелдер кеңесінің қатысуымен «Әр әйел – бақытты болуға лайықты!» тақырыбында гендерлік теңдік, гендерлік зорлық-зомбылыққа қатысты әңгімелесу өткізілді. Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және отбасы құндылықтарын сақтау мәселелері талқыланды. Іс-шара соңында психологиялық арт-терапия өтті.
Кадр және тәрбие ісі-жөніндегі басқармасы