Мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен сабақ өткізілді

Мектепке дейінгі мекемелердің басшыларымен сабақ өткізілді

2024 жылғы 27-29 қараша аралығында Алматы облысы ТЖ департаменті Азаматтық қорғау құралымдарының (жасақтардың, командалардың, буындардың және бекеттердің) командирлерімен сабақ өткізді.

Оқытудың мақсаты – «Азаматтық қорғау туралы Заңды», сондай-ақ түрлі төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарды зерделеу.

Оқу барысында тыңдаушылар «жер сілкінісі, сел және көшкін кезіндегі халықтың іс-әрекеті», «өрт қауіпсіздігі» «ТЖ кезінде алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету» тақырыптарында сабақтар өткізді, сондай-ақ жеке қорғану құралдарын пайдалану тәсілдері айқын көрсетілді.

Сабақтар халықты қорғау және төтенше жағдайларға ден қою мәселелерінде басшылардың дайындығы мен құзыреттілігін арттыру мақсатында өткізілді.

Курс соңында барлық тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтіп, оқудан өткені туралы сертификаттар алды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі