
Өңірлік қызметтің ақпараттық алаңында қысқы кезеңде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша брифинг өткізілді.
Алматы облысының аумағы қыс мезгілінде техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырайды. Бұл қар басу, қар көшкіні, айлық нормадан жоғары жауын-шашын, төмен температура, сондай-ақ көлік апаттары.
Спикер, ТЖ департаменті ТЖ жою басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Жунусов Дінмұхамет Құсайынұлы атап өткендей, 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңнің бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша шығулар саны 10 жағдайды құрады: авариялық-құтқару жұмыстарында 118 адам құтқарылды, оның ішінде 13 бала, 182 адам төтенше жағдайлар аймағынан эвакуацияланды, сондай-ақ қар тұтқындарынан 59 бірлік техника шығарылды.
Қыс мезгілінде ауа райы нашарлаған жағдайда облыстың автожолдарындағы жағдайдың ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында жалпы саны 1501 адам және 538 бірлік техника болатын азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын топтастыру түзетілді.
Сондай-ақ, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына күтіп-ұстау және ондағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 127 бірлік қар тазалау және арнайы техниканы және 308 тонна жанар-жағар май, 9 481,1 тонна көктайғаққа қарсы материал дайналды. Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі үшін уақытша жол белгілері дауындалуда.
Облыс аумағында 4 трассалық-медициналық құтқару пункті бар, олар қажет болған жағдайда жылыту пункттері ретінде пайдаланылатын болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі