
Тұрғын секторда өрт қауіпсіздігіне профилактикалық іс-шара жүргізу.
Жылыту маусымы жоспарына сәйкес, Алматы облысы ТЖД, ӨСжәнеАҚЖҚ, ӨҚКД, ЖҚЖ, Қонаев қаласының ТЖБ, жергілікті полиция қызметі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері, «Лидер» еріктілері бірлесе отырып жаппай өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша рейдтік іс-шара атқарды.
Тұрғындарға өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шара барысында қызметкерлер мен белсенділер әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне барып, заманауи өрт хабарлағыштарын орнатып, түтін шығатын мұржаларын тазартты. Әрбір тұрғындарға жылыту кезеңінде құрылғыларды пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар берілді. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғын үйлердегі өрттердің пайда болу себептері, алдын алу шаралары және өртті анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Пешті жылыту, электр аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалану ережелеріне ерекше назар аударылды.
Бұл іс-шара аудан аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстың бір бөлігі болып табылады және өрт санын азайтуға және азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғауға бағытталады