Кеше Алакөл көлінде адам құтқарылды

Кеше Алакөл көлінде адам құтқарылды

17 тамыз күні сағат 17-27-де Алматы облысы ТЖД Алакөл құтқару бөлімшесінің құтқарушылары Көктұма ауылында мас күйінде жағадан 250 метр қашықтықта жүзген 1975 жылы туылған ер адамды құтқарды.

Құтқарушылар Алакөл жағалауын патрульдеп, суда апатқа ұшыраған ер адамды байқап, дереу көмек көрсетті. Ол құтқарушылардың моторлы қайығымен жағаға жеткізілді. Ер адаммен судағы қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық әңгіме өткізілді. Қазіргі уақытта өмір мен денсаулыққа ештеңе қауіп төндірмейді. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жағажайда болмаған кезде үлкен қайғыға алып соғуы абден мүмкін еді,  өйткені адам мас күйінде өз күштері мен мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмайды.

Алматы облысының ТЖД су айдынында демалу орындарында болған кезде тыйым салынатын қағидаларды еске салады:

- алкогольдік және есірткілік масаң күйде суға кіруге және шомылуға;

- арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда ғана шомылуға болады;

- шомылу кезінде ескерту белгілері үшін жағадан алыс жүзуге қатаң тыйым салынады. Кейде кейбіреулер өз күштері мен мүмкіндіктерін есептемей алысқа жүзеді. Мұндай жағдайларда келесі ережелерді білу және орындау қажет:

- егер қатты шаршап жузе алмасаңыз, қобалжымаңыз дем алуға тырысыңыз.Мұны істеу үшін арқаңызбен суға жатып және жеңіл қозғалыстармен өзіңізді суда ұстаңыз.

- егер суда құрысулар пайда болса: қолдарыңыз немесе аяқтарыңыз тартылса сасқалақтамаңыз, арқаңызда жүзіп, су бетінде қалуға тырысыңыз. Тартылып қалған бұлшықетті қатты уқалаңыз;

- егер кездейсоқ су жұтып алсаңыз, тоқтаңыз, басыңызды судың үстінен көтеріп жөтелуге тырысыңыз.

Осы ережелерді қатаң сақтау сіздің өміріңізді сақтап қалуы мүмкін!

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі