
Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен Алматы облысы гарнизонының өрт-құтқару техникасы паркі толықтырылды.
Биік тұрғын үй кешендері мен ғимараттардың белсенді салынуын ескере отырып, Алматы облысы ТЖ департаментінің қарулануына көтергіш биіктігі 52 метр болатын автосаты және көтергіш биіктігі 24 метр болатын 2 бірлік механикалық сатылы өрт сөндіру автосистернасымен толықты .
Жету қиын жерлерде құтқару және іздеу жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ жеке құрамды жеткізуді және адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін автономды жолаушылар салоны бар өтімділігі жоғары автомобиль, «Toyota Hilux» автокөлігімен «Байкал» жоғары өтімді техникасы жеткізілді.
Жаңа арнайы техника төтенше жағдайларды жою және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.