Алматы облысында өрт қауіпсіздігі бойынша ауқымды профилактикалық акция өтті

Алматы облысында өрт қауіпсіздігі бойынша ауқымды профилактикалық акция өтті

2024 жылдың 27-ші қараша күні Еңбекшіқазақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығы” жастар қозғалысының белсенділерімен және де Есік қаласы әкімдігінің Рахат ауылдық округі әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, Есік қаласында, Рахат ауылдық округіне қарасты “Восход” саяжайындағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды профилактикалық іс-шара өткізілді.

         Іс-шара барысында қызметкерлер мен белсенділер әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне барып, заманауи өрт хабарлағыштарын орнатып, түтін шығатын мұржаларын тазартты.

         Әрбір тұрғындарға жылыту кезеңінде құрылғыларды пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар берілді.

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғын үйлердегі өрттердің пайда болу себептері, алдын алу шаралары және өртті анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

         Пешті жылыту, электр аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалану ережелеріне ерекше назар аударылды. Бұл іс-шара аудан аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстың бір бөлігі болып табылады және өрт санын азайтуға және азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғауға бағытталады.