Жолдардың жабылуы туралы ақпарат

Жолдардың жабылуы туралы ақпарат

Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары! Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 27.11.2024 жылдан бастап 31.03.2025 жылға дейінгі кезеңде Талғар және Еңбекшіқазақ ауданының таулы жерлерінде қар көшкіні қаупіне байланысты мынадай бағыттардағы автожолдар жабылғанын хабарлайды: 1) облыстық маңызы бар автожолы "Есік қ. – Есік көлі" 7-ден 15 км-ге дейін; 2) "Турен-Батан Асы обсерваториясы" 15-тен 41 км-ге дейін; 3) облыстық маңызы бар "Талғар қ. – спутник лагері" автожолы 6-дан 11 км-ге дейін.