
Ағымдағы жылдың 25 қараша күні Ұйғыр ауданы аумағында Шарын өзенінің су деңгейі көтерілуіне байланысты Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын - алу басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д. Азаматовтың қатысумен арнайы комиссия мүшелері су басу қаупі бар үш аймаққа көзбен шолу тексеруін жүргізіп, қорытынды акт жасады.
Сонымен қатар қаңтар айындағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен Шарын ауылындағы Хамраев атындағы орта мектебінің жағдайы тексерілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі