Балқаш ауданында Ашық есік күні өткізілді

Балқаш ауданында Ашық есік күні өткізілді

          Балқаш ауданы ТЖБ қызметкерлерімен 2024 жылдың 25 қараша күні “Өзіңді және жақындарыңды улы газдан сақта” тақырыбындағы өрт қауіпсіздігін насихаттау Акциясы бойынша, Бақанас ауылындағы М. Сеңгірбаев атындағы орта мектептің 24 оқушысына  Ашық есік күні өткізілді.

           Ашық есік күні барысында, Бақанас ауылының №10 өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды, оның аясында өрт сөндіру техникасының кішігірім көрмесі және авариялық-құтқару құралдары көрсетілді. Сондай-ақ, "Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері", "Балалардың отпен ойнауы", "Улы газбен улануға жол бермеу туралы өзіңді және өз жақындарыңды сақта" бойынша нұсқаулық өткізіліп оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

           Департамент қызметкерлері мұндай экскурсиялар балаларды өрт-құтқару бөлімшелерінің күрделі жұмысымен таныстыруға мүмкіндік беретініне сенімді. Бұндай іс-шаралар алдығы уақыттада жалғасын табады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.