
Қонаев қаласы ТЖБ, «Обасы қолдау орталығы», Қонаев қаласы прокуратурасы қызметкерлерімен, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қонаев қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қонаев қаласы «Алтын-Алма» саяжайының жеке тұрғын үйде тұратын әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйіне улы газды анықтайтын датчиктерді орнату жұмыстары орындалды.
Улы газды анықтайтын датчиктерді орнату мақсаты жылыту маусымы кезіндегі жеке тұрғын үйдегі адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік осал топтағы отбасылардың жағдайын қадағалау мен қатар, көмек әрі қолдау көрсету болып табылады.
Датчиктерді орнату барысында отбасыларға пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері және датчиктің жұмыс принципі туралы ұсынымдық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар ары қарай жалғасын табады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі