Б. Момышұлы атындағы азаматтық қорғаныс полкінің қатарларын толықтыру

Б. Момышұлы атындағы азаматтық қорғаныс полкінің қатарларын толықтыру

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыстың Қорғаныс істері бойынша департаментімен бірлесіп шақыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 азаматтық қорғаныс әскери бөлімін жасақтау үшін әскерге шақырылушыларды зерделеу және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізді.

Денсаулық жағдайы мен моральдық-іскерлік қасиеттері бойынша талаптарға сәйкес келетін іріктелген 22 әскерге шақырылушы үшін Қонаев қаласының орталық алаңында салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өткізілді.

Шығарып салу рәсімі барысында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы әскерге шақырылушыларға қоштасу сөздерін айтып, оларға қызметтерін абыроймен өтеулерін тіледі!

Бұл іс-шара 35-ші гвардиялық әуе-десанттық бригаданың үрмелі оркестрлік құрамының орындауындағы әскери-патриоттық әуендердің шырқауымен және әскерге шақырылушылардың мақтаныш сезімін сезінген туыстары мен жақындарының қатысуымен өтті.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі