Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өткізілді

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өткізілді

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаментімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жиын өткізді.

Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары, құқық бұзушылықтарды анықтау әдістері, сондай-ақ қызметкерлердің жеке жауапкершілігінің маңыздылығы талқыланды. Іс-шара белсенді диалог форматында өтті, бұл өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.