
Облыстың көшкін қаупі бар 55 учаскесіне аэровизуалды тексеру жүргізілді.
Алматы облысындағы көшкін қаупі бар учаскелерді зерттеу мақсатында Ұзынқарғалы, Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндері, Талғар, Есік, Түрген, Іле Алатау жотасы бойынша аэровизуалды тексеру жүргізілді.
Қайғылы салдарлардың қаупін азайту мақсатында өзендер мен автожолдар арналарының қауіпті учаскелерінде 16 ақпараттық қалқан мен ескерту белгілері орнатылды.
Көшкін қаупі бар кезеңде 11 адамнан тұратын жедел штаб құрылып, бекітілді, 12 адамнан тұратын авариялық-механикаландырылған бригаданың құрамы мен 7 бірлік арнайы және 4 бірлік жедел мобильді техника жасақталды.
Қазіргі уақытта облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі бар жағдай тұрақты.