Алматы облысы ТЖД жүргізуші-қызметкерін зейнетке салтанатты шығарып салу

Алматы облысы ТЖД жүргізуші-қызметкерін зейнетке салтанатты шығарып салу

Әріптестері Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынлдағы №11 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері азаматтық қорғау старшинасы Юрий Николаевич Шаповаловты еңбек сіңірген демалысына салтанатты түрде шығарып салды.

Юрий Николаевич 2009 жылдың маусымынан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарды. Оның қызметте көрсеткен жанқиярлығы мен батылдығы нағыз батырлықтың үлгісі болып табылады. Ол өз ісінің нағыз маманы ретінде, өзінің қызметі үшін көптеген жаңадан қабылданған қызметкерлердің тәлімгері болды және құтқарушылардың жаңа буынын тәрбиелей алды. Әріптестері естелік сыйлықтар табыстады.