
2024 жылдың 19 қарашасында Еңбекшіқазақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен Есік қаласының No3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы Қаракемер кәсіптік колледжі ұжымының алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұл 2024 жылдың 13 қарашасында өткен «Бастапқы әскери-техникалық дайындықтың негізгі бағыттары және стратегияларды зерделеу» атты облыстық оқу-әдістемелік семинар барысында қызметкерлеріміздің жоғары кәсібилігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан қомақты үлесінің айқын дәлелі болды. Қаракемер кәсіптік колледжінің базасында біздің мамандар терең білімдерін, тәжірибелік дағдыларын және әріптестерімен тәжірибе алмасуға дайындығын көрсетті.
Семинарға кафедра қызметкерлерінің белсенді қатысуы профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби дайындық деңгейін арттыруға ықпал етті нәтижесі, өмір қауіпсіздігі саласындағы болашақ мамандарды дайындау сапасын арттыру Қаракемер кәсіптік колледжінің ұжымына біздің жұмысымызға жоғары баға бергені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Біз алдағы уақытта да азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Алматы облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін нығайту үшін бар күш-жігерімізді саламыз».