«Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі.

«Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі.

Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!

21 қараша күні сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында “Дабыл жүйесін тексеру” жүргізіледі.

Тексеру барысында:
- Сиреналар іске қосылады;
- Ұялы қосымшалар арқылы хабарламалар жіберіледі.

"Баршаңыздың назарына!!!" дыбыстық сигналы – бұл ескерту сигналы, ол халықтың назарын аудару үшін беріледі және төтенше жағдайлар немесе олардың қаупі туралы ақпаратты жеткізуге арналған.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабырлық сақтауға шақырады. Бұл – тексеру мақсатында берілетін “оқу-жаттығу сигналы” екенін ескертеміз.