
2024 жылғы 19 қарашада "Мұз-2024" акциясы аясында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері облыстың көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп Қапшағай су қоймасының акваториясы бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейдтік іс-шаралар барысында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзушылар анықталды, атап айтқанда жүзу құралында балық аулау кезінде жеке-құтқару құралдарынсыз, сондай-ақ басқаруға құқық беретін тиісті құжаттарсыз болған азаматтар.
Аталған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес жалпы сомасы 77 мың 532 теңгеге 6 әкімшілік хаттама, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 582-бабы бойынша 36 мың 920 теңгеге 2 хаттама толтырылды.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша осы балықшылармен балық аулау кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және осы Ережелерді бұдан әрі қатаң сақтау туралы әңгімелер жүргізілді.
Сонымен қатар, ұқсас рейдтік іс-шаралар облыстың барлық аумағында өткізілетін болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі