
19.11. 2024 жылы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2024 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру аясында, Еңбекшіқазақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінде «Сыбайлас жемқорлық жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Есік қаласының №3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен тығыз байланыста өткізіліп, жергілікті деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте маңызды қадам болды.
Дөңгелек үстелге «АМАНАТ» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалының консультанты Нұреббаева Асия Мұхаметқалиқызы қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласындағы өз тәжірибесімен, білімдерімен бөлісті. Іс-шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою қызметтерінің жұмысы аясында оларды шешу жолдарын талқылады.
Талқылау барысында сыбайлас жемқорлықтың нақты мысалдары қарастырылып, олардың алдын алу шаралары ұсынылды. Қатысушылар мемлекеттік органдар жұмысындағы ашықтық пен жариялылықтың маңыздылығын, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігін атап өтті.
Дөңгелек үстел сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жағдайын жақсартуға бағытталған пікір алмасу және бірлескен бастамаларды дамыту алаңына айналды. Жиналғандардың барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға белсенді қатысуға және адал және ашық басқару жүйесін құруға ықпал ететін бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың мұндай өзара іс-қимылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі