
«Скорпион» пейнтбол клубында тимбилдинг өткізілді.
Алматы облысы ТЖД ОСО РММ бас құтқарушы-психологы «Салауатты еңбек» тақырыбында тимбилднг өткізді.Тимбилдингтің негізгі мақсаты-
бірлесіп тиімді жұмыс істей алатын, туындаған мәселелерді шеше алатын және ортақ мақсаттарға қол жеткізе алатын біртұтас ұжым құру.
Пейнтбол – жай ойын емес, команда құрудың тиімді құралы. Бұл командалық рухты нығайтуға, көшбасшылық дағдыларды дамытуға, қарым-қатынасты жақсартуға және стрессті жеңілдетуге көмектеседі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі