
Ағымдағы жылдың 14 қараша күні практикалық дағдыларды пысықтау, төтенше жағдайларды жою кезінде басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері жұмысының үйлесімділігін тексеру мақсатында Қарасай ауданының басқару органдарымен, күштерімен және құралдарымен кешенді оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе туындаған жағдайда авариялық-құтқару қызметтері мен халықтың дайындығын жан-жақты бағалау болды.
Кешенді оқу-жаттығулар Қарасай ауданының төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығының жоғары деңгейін растады. Алайда, анықталған кемшіліктер азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі жетілдіру үшін пайдаланылатын болады, бұл аудан халқы мен инфрақұрылымын одан да тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
Қосымша жаттығулар өткізу және материалдық-техникалық базаны жаңарту жоспарлануда. Оқу-жаттығулар барлық қызметтер мен басқару органдарының үйлесімді жұмысын көрсетіп, кез келген сын-тегеуріндерге жауап беруге жоғары дайындығын растады.
Тұрғындардың қауіпсіздігі-басты басымдық!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі