
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаментімен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы акция өткізді.
Акция барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары, құқық бұзушылықтарды анықтау әдістері, сондай-ақ қызметкерлердің жеке жауапкершілігінің маңыздылығы талқыланды.
Іс-шара белсенді диалог форматында өтті, бұл өзекті мәселелерді талқылауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.