
Алматы облысы ТЖД ОСО РММ бас құтқарушы-психологы Талғар қ. "Облыстық психикалық денсаулық орталығы" ШЖҚ МКК суицидологымен М.А. Әміртай бірлесіп "девиантты мінез-құлықтың алдын алу,"Суицидтің алдын алу және әрекет алгоритмі". тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақтың басты мақсаты-өмірге бейімделу, стресске төзімділік, өмірдің құндылығын түсіну. Өз-өзіне қол жұмсау және оның алдын алу жолдары туралы психологиялық білім.
Сабақ барысында қызметкерлерге суицид түрлері, суицидтік мінез-құлықтың алғашқы белгілері және алдын алу жолдары туралы егжей-тегжейлі айтылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі