Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйіне улы газды анықтайтын датчиктерді орнату жұмыстары орындалды

Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйіне улы газды анықтайтын датчиктерді орнату жұмыстары орындалды

Қонаев қаласы ТЖБ қызметкерлерімен, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қонаев қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қонаев қаласы аумағындағы жеке тұрғын үйде тұратын әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйіне улы газды анықтайтын датчиктерді орнату жұмыстары орындалды.

Улы газды анықтайтын датчиктерді орнату мақсаты жылыту маусымы кезіндегі жеке тұрғын үйдегі адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік осал топтағы отбасыларға көмек әрі қолдау көрсету болып табылады.

Датчиктерді орнату барысында тұрғындарға пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері және датчиктің жұмыс принципі туралы ұсынымдық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

                                                        Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі