
12.11.2024 ж. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің "БК және АСР" РММ жеке құрамының жауынгерлік және кәсіби даярлығын арттыру мақсатында "Қонаев қаласының көпсалалы қалалық ауруханасы"объектісінде шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты төтенше жағдай кезінде қызметкерлермен бірлесіп іс-қимыл жасау және өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
Оқу-жаттығу Алматы облысының 3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының және горнизонның барлық офицерлік құрамының қатысуымен өтті. Осындай күрделі нысанда өткізілетін ілім жеке құрам үшін үлкен тәжірибе болып табылады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі