Алматы облысы ТЖД бөлімшелердің 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңге дайындығын тексерді

Алматы облысы ТЖД бөлімшелердің 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңге дайындығын тексерді

 Қысқы кезеңге дайындық және 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңдегі ТЖ-ға жедел ден қою шеңберінде Алматы облысы ТЖД "ҚОҚ" РММ және "СПиАСР" РММ күштері мен құралдарының дайындығына байқау өткізілді.

Тексерудің басты мақсаты құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару жұмыстарына дайындығы, техниканың техникалық жай-күйі мен жарамдылығын айқындау, қысқы кезеңдегі қауіпті метеорологиялық құбылыстардың туындауына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мәселелерді пысықтау болып табылады.

Мәселен, Облыстың автожолдарындағы жағдайдың ықтимал асқынуларына жедел ден қою мақсатында тұрақты дайындықта 112 бірлік техника, негізгі - 57 бірлік, арнайы мақсаттағы – 14 бірлік, қосалқы мақсаттағы – 41 бірлік, 14 бірлік жоғары өтімділік бар.

 Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі