
Бүгін сағат 11:44-те Шамалған ауылында төртқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы балкон мен пәтердің үшінші қабаттағы балконға оттың ауысуымен жану орын алды. Жану алаңы 50 шаршы метрді құрады.
Алматы облысы ТЖД жедел іс-қимылдарының арқасында өрт сағат 12:26-да жойылды. Баспалдақпен келген өрт сөндірушілер 19 тұрғынды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. 1992 жылы туған қызды құтқарды.
Өртті сөндіруге 25 қызметкер мен 11 техника жұмылдырылды.
Алматы облысы ТЖД-ті тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ұсынады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі