
2024 жылғы 28 қазанда сағат 18-24-тен бастап Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылында құтқарушылар күшімен 1974 жылы туған ер адамды іздеу жүргізілді, ол 2024 жылғы 28 қазанда сағат 12-00-де тауларға қарай мал іздеуге аттанып, жоғалып кетті.
2024 жылдың 29 қазанында сағат 07-50-де құтқарушылар жоғалған адамды тапты. Медициналық көмек қажет емес.
Іздестіруге ТЖ Департаментінің 8 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, полиция департаментінің 4 қызметкері мен техника, 10 адам және жергілікті атқарушы органдардың 4 техникасы жұмылдырылды.
Іздестіру ҰҰА қолдану арқылы жүргізілді, сонымен қатар, Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының кинологиялық есебіде қатысты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі