
29.10.2024 Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Рахат ауылдық округі әкімдігінің мамандарымен бірлесіп Қайназар ауылында өрт қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық акция өткізді.
Іс-шара барысында қызметкерлер әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлеріне барып, заманауи өрт хабарлағыштарын орнатты. Әрбір тұрғын жылыту кезеңінде құрылғыларды пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы егжей-тегжейлі нұсқаулар алды.ТЖБ мамандары тұрғын үйлердегі өрттердің пайда болу себептері, алдын алу шаралары және өртті анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Пешті жылыту, электр аспаптары мен газ жабдықтарын пайдалану ережелеріне ерекше назар аударылды.Бұл іс-шара аудан аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстың бір бөлігі болып табылады және өрт санын азайтуға және азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғауға бағытталған.