Психологиялық тренингтер және жеке құрамды тестілеу өткізілді

Психологиялық тренингтер және жеке құрамды тестілеу өткізілді

«Алматы облысы ТЖД бастығының КжТЖ бойынша орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Б.Х. Калиевтің және Алматы облысы ТЖД психология қызметі тобының бас маманы азаматтық қорғау  майоры Г.А. Искакованың бастауымен Балқаш ауданы ТЖБ және Бақанас ауылы №10 ӨСБ жеке құрамы арасында моральдық-психологиялық ахуалды, суицидке бейімділігін және эмоционалдық көңіл-күйін анықтау мақсатында, психологиялық тесттер қабылдап, тренингтер өткізілді.

Қосымша іс-шараға Балқаш аудандық ауруханасының психолог маманы С.А. Нурпейіс, Балқаш аудандық ауруханасының
салауатты өмір салтын қалыптастырушы маманы Д.Н. Садыр, Балқаш аудандық полиция бөлімінің ТжКЖБ-нің инспекторы полиция лейтенанты А.С. Сейлхан және Балқаш аудандық полиция бөлімінің УҰИ-ның айдауыл-полицейі
полиция кіші сержанты Р.Ғ. Ғалымның қатысуымен кездесу өтті.

Кесдесу барысында жеке құрам өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.