
Covid-19 коронавирусының жаңа түрі пандемияға айналды, бұл бүкіл әлемде көптеген адамдардың өмірін қиды.
Өзіңізді және басқаларды қорғау үшін ауру туралы дәлелденген ақпаратты және қажетті алдын-алу шараларын қолданыңыз. Жергілікті денсаулық сақтау органдарының ұсыныстарын орындаңыз.
-COVID-19 таралуын болдырмау үшін:
- Қол гигиенасы ережелерін сақтаңыз. Қолыңызды жиі сабындап сумен жуыңыз немесе антисептиктермен пайдалаңыздар.
- Түшкіретін немесе жөтелетін адамдардан қауіпсіз ара қашықтықты ұстаныңыз.
- Басқа адамдармен болған кезде маска киіңіз.
- Көзінізді, ауызынызды немесе мұрынызды қолмен ұстамаңыздар.
- Жөтелу немесе түшкіру кезінде аузыңызды және мұрныңызды шынтақпен немесе орамалмен жабыңыз.
- Егер сіз өзіңізді нашар сезінсеңіз, үйде болыңыз.
- Қызба, жөтел және ентігу пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгініңіз. Тезірек көмек сұрасаңыз, олар сізді бірден емдеуші дәрігерге жібереді. Осылайша сіз өзіңізді қорғап, вирустар мен басқа инфекциялардың таралуына жол бермейсіз.
- Маска кию арқылы сіз вирустың басқа адамдарға берілуін болдырмауға көмектесесіз. COVID-19 вирусынан қорғану үшін тек маскалар жеткіліксіз. Маскаларды қолданудан басқа, қауіпсіз қашықтық пен қол гигиенасы ережелерін
сақтау керек. Жергілікті денсаулық сақтау органдарының ұсыныстарын орындаңыз.
COVID-19 вирусы иммунитеті әлсіреген және созылмалы аурулары бар адамдарға көбірек берілетіні белгілі. Сонымен қатар, темекі шегетін және алкогольді теріс пайдаланатын коронавирусты жұқтыру қаупі артады. Ол үшін дәрігерлер салауатты өмір салтын ұстануға және дене шынықтырумен айналысуға кеңес береді. Ұйқыны реттеп, ақуызға бай, витамині жоғары тағамдарды жеу керек.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі