
Жеке құрам арасында жол жүру ережелері, салауатты өмір салтын қалыптастыру және теріс ағымның жетегінде кетудің алдын алу мақсатында дәріс өткізілді
2024 жылғы 24 қазанда Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамымен бейнеконференц байланысы арқылы облыстық Полиция департаментінің Қонаев қаласы Полиция басқармасының және облыстық Денсаулық сақтау басқармасының аумақтық наркология диспансерінің, Дін істері басқармасының өкілдерінің қатысуымен жеке құрам арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлыққа, ішімділікке тәуелділіктің, суицидтің, лудоманияның, жат ағымдардың жетегінде кетудің алдын алу мақсатында, сондай-ақ жол қозғалысы ережелері, көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша семинар өткізілді. Семинар барысында жеке құрам тарапынан сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар алынды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі