“Үздік ГТҚҚ буыны” атағына байқау - конкурсы өткізілді

“Үздік ГТҚҚ буыны” атағына байқау - конкурсы өткізілді

22.10.2024 жылы Талғар қаласы 2-МӨСБ аумағында Алматы облысының өртке қарсы қызмет гарнизонының өрт сөндіру бөлімдерімен бекеттері арасында “Үздік ГТҚҚ буыны” атағына байқау - конкурсы өткізілді.

Аталған байқау-конкурстың мақсаты: жеке құрамның қызметтік жұмысын объективті бағалау және ынталандыру, біліктілік және кәсіби деңгейін арттыру болып табылады. ТОЖҚ-да жұмыс істеу кезінде ГТҚҚ буыны үйлесімділігін арттыру болып табылады.

Байқау екі кезеңде өткізілді. I кезең - өрт сөндіру бөлімінде, қарауылдарының (ауысымдары) арасында ГТҚҚ үздік буынын іріктеп II және III кезеңге жіберіледі. II  кезең - байқауға қатысушылардың теориялық білімдерін тексеріп  бағалау, III кезең өртке қарсы қызмет гарнизонының үздік ГТҚҚ буынын анықтау.

Байқау-конкурсты қорытындылай келе, жүлделі 1-орынды Нарынқол ауылындағы 12 Өрт сөндіру бекетіның буын, 2-орынды Өтеген батыр аулындағы 8 Өрт сөндіру бөлімінің буыны, 3-орынды Боралдай кентіндегі 9 Өрт сөндіру бөлімі буыны иеленді.

 Жеңімпаздар жүлделі кубоктармен мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі