
Өткен демалыс күндері Алматы облысының құтқарушылары су қоймаларын патрульдеу кезінде үш адамды құтқарды.
2020 жылғы 8 тамызда Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында патрульдеу кезінде сағат 17:00-де 1997 және 1998 жылы туған 2 жас адам құтқарылды, олар "Қапағабана"демалыс аймағы ауданында жағалаудан 600-700 метр қашықтықта үрлемелі матраспен жел соғып алып кеткен.
Ағымдағы жылдың 9 тамызында сағат 19:20-да Алакөл көлінде патрульдеу барысында Алакөл өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақши кентінде демалыста жүрген 2000 жылы туған жас жігітті құтқарды. Оның жағадан екі шақырым жерде гидроцикл сынған. Жігіт құтқарушылармен жағаға қауіпсіз эвакуацияланды, ол үшін оларға үлкен алғыс білдірді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі