“Айлуна” бөбекжайының бүлдіршіндері Құтқарушылар күніне арналған экскурсияда

“Айлуна” бөбекжайының бүлдіршіндері Құтқарушылар күніне арналған экскурсияда

19 қазан – “Құтқарушылар күні” мерекесіне орай Есік қаласындағы №3 Өрт сөндіру бөлімінде өткен “Ашық есік” күніне экскурсия жасалды.
Экскурсия барысында балаларға өрт сөндіру техникасы мен жабдықтары көрсетіліп, өрт сөндіруші-құтқарушылардың тұрмысымен таныстырылды. Сонымен қатар, бүлдіршіндер азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, өз құрметтерін білдірді. Іс-шараға барлығы 14 бүлдіршін қатысты.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі