Кең ауқымды сейсмикалық жаттығулар өткізілді

Кең ауқымды сейсмикалық жаттығулар өткізілді

2024 жылғы 17 қазанда Алматы қаласында кең ауқымды өткізілген сейсмикалық жаттығуға, Алматы облысының басқару органдарының күштері мен құралдары қатысты.

Алматы қаласы мен Алматы облысы ТЖД-ның  арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде Алматы облысының шығу және келу уақытын, күші мен қаражатын белгілей отырып, әзірлігін тексеру мақсатында ҚР ТЖМ "Алатау" Оңтүстік базасының аумағына автоколонналық шеру жүзеге асырылды.

Мұндай сейсмикалық жаттығуды өткізу Алматы қаласы мен Алматы облысының мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығын тексеруге мүмкіндік береді. 

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі