
Өрт өткен түнде Алматы облысының Қарасай ауданында болды, сағат 00.24-те Қаскелең қаласының 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйінде, 3-ші қабаттағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті (жатын бөлмесіндегі үй заттары мен жиһаздардың жануы болған).
Шақырту орнына Қаскелең қ.және жақын аудандардан, соның ішінде Алматы қ. өрт сөндіру бөлімінен күштер мен құралдар дереу жіберілді.
Бірінші бөлімшелердің шақыру орнына келген кезде өрттің тез таралуына жоғары жанғыш жүктеме ықпал ететіні, баспалдақ торларында қатты түтіндеу пайда болғаны, жоғарғы қабаттардан эвакуациялау жолдары шығудан кесілгені анықталды.
Өрт сөндірушілердің жедел, кәсіби және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт сөндіру барысында 25 адам құтқарылды, тағы 300-ге жуық адам өздігінен және өрт сөндірушілердің көмегімен эвакуацияланды.
Өрт сағат 01.07-де сөндірілді, ауданы 15 ш.м. өрттің себебі анықталуда.
Өрт салдарынан 5 адам зардап шекті, олар 1969 ж.т. пәтер иесі, 1994 ж. т. ұлы және 2009 ж. т. туысы, олар 1984 және 2010 ж. т. тағы екі көршісі күйік алды.
Өртті сөндіруге Алматы облысы және Алматы қ. ТЖД-нің 33 қызметкері мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды
Алматы облысының ТЖД азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және егер бұл өмірге қауіпті болса, өртті өз бетінше сөндірмеуді сұрайды
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі